Жамбыл жаңалықтары

Жамбылдық кәсіпорындар қызметкерлеріне 1 644,4 млн. теңге берешек

Written by Aray2005

2019 жылғы 1 қаңтарына облыстағы ірі және орта кәсіпорындардың төленбеген төлемдерінің жалпы көлемі азайды.

Өткізілген зерттеу нәтижесі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына орта және ірі шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттемелер бойынша берешегі 252 445,1 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 93 287,4 млн. теңгеге немесе 27 % төмен түсті. Жыл ішінде дебиторлық берешек 27 602,6 млн. теңгеге немесе 42,1% өсіп, 93164,7 млн. теңгеге жетті.

Дебиторлық және міндеттемелер бойынша берешектердің жалпы сомасыннан 23,4 %, 47,9 % өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарында орын алды. Аймақтық бөліністе төленбеген төлемдердің негізгі көлемі облыс орталығы Тараз қаласында шоғырланған, тиісінше 82,5% және 55,6% болып қалыптасты.

Ірі және орта кәсіпорындардың жыл бойы еңбек ақы төлеуі бойынша берешегі 12,4 % азайып, 1 644,4 млн. теңгені құрады. Жалақы қоры бойынша берешегі бар негізгі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы және өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады, олардың берешектің жалпы сомасындағы үлес салмағы – тиісінше 37,4% және 18,1% болып қалыптасты.

ПІКІР