"Кәсіпкерлік"

Жамбылдық кәсіпорындар жылдың алғашқы тоқсанында 115 615,4 млн. теңгенің өнімін өндірген

Written by Aray2005

2019 жылғы қаңтар-наурызда Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындары 115 615,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірген. Осылайша, өнеркәсіптік өндірістің индексі 2018 жылдың осы уақытыменсалыстырғанда 101,4 пайызды құрап отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің 10,5 %-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 12181,5 млн. теңгенің өнімін өндірді және саладағы өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,4%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі 82712,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 71,6%-ын құрады. Бұл саладағы өнімдердің өнеркәсіптік өндірісінің индексі 2018 жылғы сәйкес кезеңге 104,3% болып қалыптасты.

Электрмен жабдықтау, газ, бу жеткізу және ауаны баптау кәсіпорындары облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 17,1%-ын құрап, 19794,7 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 91%-ды құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау кәсіпорындары 926,4 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, облыстағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 0,8%-ын құрады. Осы саладағы өнімдердің өнеркәсіптік өндірісінің индексі 2018 жылғы сәйкес кезеңге 111,4% болып қалыптасты.

ПІКІР