Қоғам

Жамбылдық құтқарушылар шомылу маусымына дайындықты бастап кетті

Written by Aray2005

Жамбыл өңірінде күннің ерте ысып, жаздың уақытынан бұрын шығуына байланысты, тұрғындар суға түсіп, сергігісі келеді. Мұндай жағдайда әуелі демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды.

Осыған орай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімімен бірлесіп Тараз қаласының № 38 орта мектебінде «Жазғы мерзімде су айдындарында балалардың қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Маңызды жиынға білім беру мектептері директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Омар Такеев соңғы 3 жылда судағы орын алған  қайғылы оқиғалардың талдауын және себептерін мәліметке жеткізе отырып, жазғы шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Сондай-ақ, Тараз қаласының білім беру объектілерінде өткізілетін сабақтар жөнінде бірлесіп бекіткен жоспарды талқыға салды.

Мұндай бірлескен жұмыстар жылдан жылға қала аумағындағы су айдындарында қайғылы оқиғалардың санын төмендетуге мүмкіндік береді.

Д. Келіс,

Тараз қаласы ТЖ басқармасының офицері, лейтенант 

ПІКІР