Жамбылдық полицейлер алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

0 11

Жамбыл облысының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Облыстық ПД бастығы Жанат Сүлейменовтің айтуынша, алты ай ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар, адам өлтіру, ұрлық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері азайған. Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды.

– Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейі артты. Есепті кезеңде жол-көлік оқиғалары, алаяқтық деректері санының өсуі байқалады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 30,4 пайызға азайды, – деген полиция генерал-майоры жалпы облыстағы жедел жағдай тұрақты деп саналатынын атап өтті.

Кеңес барысында ПД басқармалары, қалалық және аудандық полиция бөлімдері бастықтарының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Сонымен қатар, ҚР ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қойған міндеттері жеке құрамға жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.