Sport

Жамбылдық полицейлер ел чемпионатынан жүлделі оралды

Written by Aray2005

Жамбылдық полицейлер Семей қаласында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 68 келі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысы Полиция департаменті Оқу-жаттығу взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Махмутов  2-орынға ие болып, қыркүйек айында Үндістан Республикасында өтетін Азия чемпионатына жолдама ұтып алды.

Сондай-ақ, «динамошы» Ақтолқын Смағанбетова әйелдер арасында 3-орын иегері атанды.

ПІКІР