Жамбылдық полицейлер жоғалған баланы жарты сағатқа жеткізбей тапты

0 10

Тараз қаласының Жедел басқару орталығының кезекші бөлімінің «102» тетігіне 2013 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат келіп түседі.  Кәмелетке толмаған баланың анасы бір сағат бұрын, ұлы үйден шығып, қайта  оралмағанын хабарлаған.

Баланың анасы оның қайда кеткені туралы ештеңе білмейтінін, сондай-ақ ұлының ерекше балалар санатына жататынын және өзі жайында деректерді, сондай-ақ тұрғылықты жері турасында ештеңе айта алмайтынын жеткізген. Аталған дерек бойынша  Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, баланы іздеу жұмыстарын жүргізеді. Ювеналды және криминалды полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кәмелетке толмаған бала өте тез, яғни 15 минут ішінде табылып, ата-анасына табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.