Жамбылдық полицейлер жолда қалғандарға көмек көрсетуден қашпайды (видео)

0 3

Жамбыл облысының Полиция департаменті  патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері көліктің сынуына байланысты тас жолда қалып қойған Қырғызстан азаматына   көмек көрсетті.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Меркі ауданындағы  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 308-шақырымын патрульдеу кезінде полицейлер Қырғызстан  Республикасының  43 жастағы тұрғынының  басқаруындағы  үлкен жүк көлігінің  жолдың жиегінде тұрғанын  байқаған.

Сауалнама барысында жүргізуші  үйінен  Нұр-сұлтан қаласына қарай шыққанын айтады.  Алайда, ол  жол бойында  жүк көлігінің  доңғалағы  жарылып,  тоқтауға мәжбүр болған.  Көмек  іздеп ер адам бірнеше сағат тұрып қалған.   Облыстық патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері  көлігінің  доңғалағын  жөндету  үшін  жүргізушіні  Тараз қаласындағы  ТҚС-ға жеткізеді.  Содан  кейін жолдың  көрсетілген шақырымына  оралып, бұзылуды жоюға  көмектерін  көрсетті.

Ер адам тәртіп сақшыларына   көрсеткен  көмектері  үшін  шын  жүректен алғысын  айтты.

Сондай-ақ, 15 сәуір күні  Тұрар  Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 357 -шақырымын патрульдеу кезінде  Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынының басқаруындағы авариялық маяктары қосылған жол жиегінде тұрған «Мерседес-230» маркалы автомобильді кездестірген.

«Жақындағаннан кейін жүргізушіден оған қандай да бір көмек қажет пе деп сұрадық. Жауап ретінде абыржыған ер адам жанармай   таусылғанын айтты» – дейді полицейлер.

Патрульдік экипаж еш ойланбастан жақын маңдағы жанармай құю бекетіне барып, оған жанармай  әкеліп берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.