Жамбылдық жүкті әйелді жолсерік босандырып алды

0 12

      «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан жамбылдық  Анастасия Гранкинаны жолсерік пойызда босандырып алды.

Жерлесіміздің толғағы қысқан кезде пойыз бригадасы оған алғашқы көмек көрсеткен. Алдағы  стансада күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне жүкті әйелді жеткізе алмайтындарын түсінген   пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жол үстінде әйелді босандыруға шешім қабылдаған. Нәтижесінде қыз бала дүниеге келіп, бәрі жақсы аяқталып отыр. Анасы сәбиіне Әмина есімін берген. Ал ең таңғаларлығы босанған жерлесіміз  ауруханаға жатудан бас тартып,  ары қарай жол жүріп кеткен.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.