Жамбылдық жампоз Токиоға барады

0 0

Газетіміздің өткен санындағы «Үкілеген үміттер» айдарында жуалылық былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұлды Токио Олимпиадасына баратын басты үміткерлердің бірі ретінде жазған болатынбыз. Ауыз жиып үлгермей Иордания мемлекетіндегі лицензиялық жарыстан ақжолтай хабар жетіп, жерлесіміз Олимпиада жолдамасын жеңіп алып отыр.
75 келіде сынға түскен Әбілхан алғашқы айналымда оңтүстіккореялық боксшы Ким Чже Жинсейнмен қолғап түйістіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ширек финалда өзбекстандық Фанат Қахромоновты да бұрыштан-бұрышқа қуып жүріп сабап, еш қиналмай ұтты. Осылайша жартылай финалға шыққан жерлесіміз Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлады.
Бұған дейін аталған олимпиадалық іріктеу турнирінде ерлерден 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов, 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит Олимпиада жолдамасын еншілесе, әйелдер арасында 75 келіде Надежда Рябец жалғыз жолдамаға иелік етті. Осылайша қазіргі уақытқа дейін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бес боксшымыз лицензия ұтып алып отыр.
Алда финалдық бәсекелер бар.

Саятхан Сатылғанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.