Жамбылдық жас полицейлер тарихи кешендермен танысты

0 0

2020 жылдың 2 наурызында Тараз қаласы Полиция басқармасы ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас мамандарға тарихи-танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты өскелең ұрпақты тарихты танып, Отандық құндылықтарды қадірлеуге, бір-біріне деген құрмет пен отансүйгіштікке тәрбиелеу, әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара қолдау дәстүрлерін дамыту, қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады.
Экскурсия Тараз қаласының төл тарихын толығымен бейнелейтін «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінен басталды. Жас мамандарға тарихи орындармен таныстыруды Тараз қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының «102» операторы полиция кіші сержанты Серікбай Ақерке жүргізіп, түркі тарихынан сыр шертетін тарихнама ретінде, әрі демалыс орны негізінде салынған кешендер туралы жан-жақты мәліметтер айтты.
Сондай-ақ, «Руханият және тарихтану» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемсурет галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме» павильоны, «Сағат» стелласы және «Арбат-2» жаяу жүргіншілер алаңы сияқты 8 нысан қамтылған Тараз шаһарының екі мың жылдан астам тарихын нақтылай түсетін «Көне Тараз» тарихи-этномәдени демалыс орны да таныстырылды.
Экускурсияның соңында жас қызметкерлер Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мұражайымен танысып, полиция қызметінің әр уақыттағы даму кезеңдеріне саяхат жасады. Оның ішінде «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғ.Байтасовқа арналған бұрышқа ерекше тоқталып, батыр ерлігіне тағзым етті.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.