Жамбыл жаңалықтары

Жамбылдық жастар Президент сайлауына белсене қатыспақ

Written by Aray2005

Тараз қаласында «Сайлау алдындағы жастардың рөлі» тақырыбында «Еркін пікір» диалогтік алаңшасы ұйымдастырылды. Басқосуға «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше жетекшілері, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

Кезектен тыс өткізілгелі отырған Президент сайлауы еліміз үшін, оның ішінде жастар үшін маңызы зор деген партия Жамбыл облыстық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға жауапкершілікпен қатысуға шақырды.

– Елдің болашағын ойлаған әрбір жас бұл сайлауға қатысып, өз кандидатына дауыс беруі керек. Еліміздің дамуына өз үлесін қосу әр жастың басты мақсаты, саяси құндылығы болу керек деп ойлаймын. Ең маңыздысы – тұрақтылықты сақтауда, тарихи құныдылықтарды насихаттауда, демократиялық принциптерді қалыптастыруда жастар алдыңғы қатарда болу керек деп есептеймін. Бұл сайлау жастардың белсене қатысып, өз болашақтарына нық қадам жасауға мүмкіндік деп ойламын, — дейді У.Болатбек.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа «Президенттік сайлау – Қазақстандық жастардың қарыштап дамуына, өсуіне және саяси жағдайға бейімделуінің басты кепілі» тақырыбында сөз сөйлеп, жастарды жауапты саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

ПІКІР