Жамбылдың қырғыз елінде қалған мұрасы зерттелуі керек

0 14
Тараз қаласындағы «Жамбылтану» орталығында облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев өңірдегі айтыскерлердің бір тобын қабылдады.
Ержан Жұматұлы өз сөзінде айтыскерлер қоғамның үлкен қозғаушы күші екеніне тоқталып, еліміз Елбасының, Президентіміздің және облыс әкімінің ерен еңбектерімен өрлеп жатқанын айтып, өңір дің жыр жүйріктерін ашық сұхбат, еркін әңгімеге шақырды. Мұнан соң айтыс ақыны, Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары, «Айтыс ақындары мен жыршы- термешілердің халықаралық одағы» облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков өңір айтыскерлерін жан-жақты таныстырды. Келесі сәтте сөз алған айтыскер Айтмұханбет Исақов талай жыл өнерге тер төккенін, қазақ айтысына Мұхамеджан Тазабек, Айнұр Тұрсынбаева сынды аңыз айтыскерлерді тәрбиелеп бергенін, әлі де жас айтыскерлерді баптау жұмысында жүргенін, Ащыбұлақтағы аядай үйінің тозығы жеткенін айтып, аудан орталығынан баспаналы болсам, соған көмектессеңіз деген ұсынысын айтты.
Мойынқұмдық айтыскер Ғабит Есдәулетов Жамбылдың Қырғыз жерінде өте көп айтысқанын, Қырғыз елінде Жәкеңнің оннан аса айтыстары, жазба жырлары сақталғанын, оларды жинақтап кітап шығару ісі кезек күттірмейтінін, кітапты дайындап шығаруды айтыскерлер одағының облыстық филиалына жүктеліп, бұл жобаға қаржы бөлінсе деді.
Жас айтыскерлер Рай Дөңбай айтыскерлерді басшылық қызметке тағайындау мәселесін қозғаса, Дархан Әбдіманат Кейбір жас айтыскерлердің мәдениет саласында еңбек ете бастағанына тоқталды.
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев қорытындылап, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өнер мен мәдениетті, айтыскерлерді кең қолдайтынын, ұсыныстарды өңір басшысына жеткізетінін айтып, Қырғыз жеріндегі Жамбыл мұраларын зерттеу өте маңызды жоба екенін, оны ерекше қолдайтынын жеткіді. Айтыскерлер айтқан басқа да мәселелерді назарда ұстап, бақылауға алатынын айтты. Сондай ақ ол мәдениет басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сара Мадиеваға 26 ақпан күнгі республикалық айтысқа жақсы дайындық жүргізуді тапсырды. Жиналған айтыскерлерге ашық әңгіме, ойлары үшін алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.