Жамбылдың жыл ішіндегі жетістігі қандай?

0 3

Өңірде жергілікті атқарушы органдардың жұмысы пандемияға байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан қалыпты жүргізілді. Экономиканың барлық салаларында алға жылжу бар.

2020 жылы облыстың ӨНЕРКӘСІП кәсіпорындарымен 504,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,1%-ды құрады (ҚР – 99,3%).

Негізгі капиталға салынған ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ жалпы көлемі 344,1 млрд. теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 112,7%-ға артық. 43,3 млрд. теңгеге 15 инвестициялық жоба іске қосылды. 1,3 мың жұмыс орны құрылды.

Жүзеге асырылған инвестициялық жобалар ішінде ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ бағдарламасына енгізілген жалпы сомасы 14,8 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба бар.

Жалпы қуаттылығы 318,4 МВт құрайтын 16 ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ көздері бар. Бұл республикада жаңартылған энергия көздері арқылы өндірілетін энергияның 20%-ын құрап отыр.

Өткен жылы облыста 2 526,8 млн. кВтсағ электр энергиясы өндірілсе, оның ішінде 616,8  млн. кВтсағ немесе  24%-ы жаңартылған энергия көздері арқылы өндірілген.

Бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға қаржылай жоғарылап, 330,3 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың индексімен салыстырғанда 100,1 болып орындалды.

Көтерме сауда айналымы 2020 жылы  263,9 млрд. теңгені құрап, 99,2% болды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ өнімі көлемі 381,9 млрд. теңгені құрады.  Нақты көлем индексі 105,1%.

Салаға 29,5 млрд. теңгеге инвестиция тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда 113%-ға артты.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 2020 жылы бір жұмысшыға    892 мың теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 105,0%-ға артты.

Мал басы саны 3,6 млн. басты құрады (оның ішінде МІҚ 415,8 мың басқа жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,6%-ға, қой мен ешкі саны – 3091,4 мың бас (4,5%-ға), жылқы – 137,5 мың бас (10,4%-ға), құс саны – 1 654,2 мың бас (3,2 %-ға өсті).

Ет өндірісі (тірі салмақта) 2019 жылмен салыстырғанда – 3,7%-ға (140,0 мың тонна) артты. Сүт өндірісі 326 мың тоннаны құраса (2%), жұмыртқа өндірісі 2,7%-ға артып, 138,7 млн. дананы құрады.

1246,5 тонна ет экспортқа шығарылды (377,5 тн сиыр еті, 512,6 тн қой еті, 356 тн құс еті, 0,5 тн жылқы еті).

2020 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының ЕГІСТІК КӨЛЕМІ барлығы 734,9 мың гектарға орналастырылып, (оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 378,8 мың гектар, майлы дақылдар 56,5 мың гектар, қант қызылшасы 4,6 мың гектар, картоп 11,2 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 54,0 мың гектар, мал азығы дақылдары 229,7 мың гектар) 2019 жылмен салыстырғанда (687,1 мың га) 47,8 мың гектарға артты (107%).

359,3 мың гектар дәнді масақты дақылдар орылып, 816,6 мың тонна дән бастырылды. Орташа өнімділігі 22,7 ц/га.

4329,4 гектардан қант қызылшасы жиналып, 152,3 мың тонна өнім алынды. Оның 106,4 мың тоннасы қант зауыттарына өткізілді.

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге бюджеттен 1,25 млрд. теңге бөлініп, 25,5 мың тонна тыңайтқыш пайдаланылды.

Жамбыл облысында 2019 жылы бастау алған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАсының 5 бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен – 7,2 млрд. теңге 2,5%-бен, жергілікті бюджеттен 2,0 млрд. теңге
5%-бен бөлінді.

Пилоттық жобаға 10 ауданнан 11 пилоттық ауылдық округінің 2478 тұрғындары мен жаңадан ашылған 11 ауыл шаруашылығы кооперативтері несиелендірілді.

Нәтижесінде аталған ауылдарда жұмыссыздар саны 1129 дан 589 дейін, немесе 48%-ға азайды. Жаңадан 589 жұмыс орындары ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар 32%-ға, яғни, 1539 адамнан 1049 адамға дейін кеміді. Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың  саны  640 адамға  (35%)  немесе  1846-дан 1206 дейін  төмендеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе жұмыс 2238 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

Жүргізілген космомониторинг нәтижесі бойынша аудандарда
25 мың гектар егістік жерлер игерусіз жатыр.

Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайта қосу бойынша 19 конкурс өткізіліп, 131,0 мың гектар (оның ішінде егістігі 17,5 мың гектар, жайылымы 113,4 мың гектар) жер жалға берілді.

82340 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік – 8504 га, жайылым – 73836 га.

Игерілмей жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 57 жер учаскесіне қатысты тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 40 жер учаскесі иелеріне тиісті шаралар қабылданды.

2020 жылы ЭПИЗООТИЯҒА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ жүргізуге 2,0 млрд. теңге және энзоотиялық ауруларға 444,0 млн. теңге қаржы бөлініп, ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді.

КӨЛІКТЕРІМЕН 449,66 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда 42,5%-ға орындалды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы тұрғындар саны 100 адамнан асатын 355 елді мекенді қоғамдық көлік қатынасымен қамту көрсеткіші 96,0%-ды құрады (341 е.м.).

АВТОКӨЛІК ЖОЛЫНА 27,6 млрд.теңге бөлініп, 1316,2 шқ жол жөндеумен қамтылды (18 шқ жаңа құрылыс, 6,1 шқ қайта жаңғырту, 1292,1 шқ орта және ағымды жөндеулер).

Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 90%-ға жеткізілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 85,0% болған.

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ көлемі 186,4 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 128,2%-ға артты.

Барлық бюджет көздерінен құрылыс саласы бойынша 55,3 млрд. теңгені құрайтын 235 жоба іске асырылды.

Нәтижесінде, жаңа 34 көп қабатты тұрғын үй салынып, 4 (Жаңатас-2, Қаратау-2) үй қайта жаңғыртылды. Инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша 63 нысанның құрылысы жүргізілді. Инфрақұрылым жүргізілген 1620 жер учаскелері кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Сонымен қатар, 7 мектеп құрылысы аяқталды. 5 мектепке қосымша ғимарат салынды. 13 спорт, 5 мәдениет және 1 әлеуметтік қамтамасыз ету нысаны пайдалануға берілді.

Кезекте тұрған отбасыларын ТҰРҒЫН ҮЙМЕН қамтамасыз етуге бюджеттен барлығы 24,5 млрд.теңге қарастырылып, 3822 пәтерлі 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

Барлық қаржыландыру көздерінен 617,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 121,7 %-ға артты.

«7-20-25» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктермен 1,8 млрд. теңгеге 254 отбасына несие рәсімделді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 357 азаматқа 3,3 млрд. теңге несие берілді.

«Шаңырақ» бағдарламасы арқылы 196 отбасы 1,63 млрд. теңге несие алды.

Өңірде  371 елді мекен бар. Оның ішінде 366 елді мекен БАС ЖОСПАР ЖӘНЕ ОҢАЙЛАТЫЛҒАН СЫЗБА жобаларымен қамтамасыз етілген (халқының саны 5 мыңнан асатыны– 33 елді мекен, 5 мыңға дейінгі – 333).

ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік нысандарын жылыту маусымына дайындауға 6,1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Өткен жылы тұрғын үй жаңғырту бағдарламасы аясында жалпы 3,9 млрд. теңгеге 98 үй жөндеуден өтті. Нәтижесінде жөнделген үйлердің үлесі 61,2%-ды құрады.

116 елді мекендегі 210 мың адамды ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ үшін мемлекеттік бюджеттен 26 жобаға 15,9 млрд. теңге бөлінді.

2019 жылмен салыстырғанда табиғи газбен қамту саласындағы жұмыстардың көлемі 2,5 есеге ұлғайды. 45 елді мекенде ауылішілік газ құбырлары аяқталып, 95 мың адам осы жылы табиғи газбен қамтылды. 71 елді мекендер (115 мың адам) бойынша жұмыстар биыл жалғасады. Жалпы облыс бойынша 936 мыңнан астам адам немесе 82,4% табиғи газбен қамтылды.

Тұрғындарды орталықтандырылған АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ үшін 50 нысанның құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 17,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 34 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.
16 нысан биылғы жылға өтпелі.

Ауыз сумен қамту көрсеткіші қалаларда 88,9 %, ауылдарда 82,2% болды.

Мемлекеттік ОРМАН ҚОРЫНЫҢ жалпы көлемі 4,4 млн. га (30,8%), оның орман ағаштары көмкерген жерлері  2,4 млн.га (15,47%).

Орман екпелері 3054 га жерге отырғызылып, 2750 га сексеуіл тұқымы себілді.

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі жайылымдылыққа 1375 пайдаланушыға орман билеті беріліп, 50,7 млн. теңге қаржы бюджетке түсті.

Облыс аумағында 122 жергілікті БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ су айдындары және республикалық Балқаш көлінің 18 учаскесінен бүгінгі күнге 874,8 тонна өнім өндірілді.

Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленіп, онда 2030 жылға дейін 8000 тонна балық өндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Шу, Талас өзендерінің бойынан жасанды балық өсіру тоғанын салуға жарамды 24 жер учаскелері белгіленді. Тау бөктерлеріндегі 17 тау өзендеріне форель өсіруге жарамды учаскелер анықталды.

Коммуналдық меншіктегі 15 су қоймаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК субъектілерімен 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 467,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 122,3% құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны – 126,4 мың адам болды немесе 100,9%-ға өсті. 2020 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 69,3 мың бірлікті құрап немесе алдыңғы жылмен  салыстырғанда 0,9%-ға  төмендеді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде 2020 жылы облыстағы қалаларда және моноқалаларда шағын несиелендіру үшін 416,1 млн. теңге бөлініп, 58 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» тетігі бойынша 11,3 млрд. теңгеге 278 жоба, «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» тетігі бойынша 3,8 млрд. теңгеге 300 жоба, «Өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 8,8 млрд. теңгеге 15 жоба мақұлданды. «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 171,0 млн.теңгені құрайтын 45 жобаға қолдау көрсетілді.

«Бизнес мектебі» бойынша 973 тыңдаушы оқытылды. «Бастау Бизнес жобасы бойынша 3641«Іскерлік байланыс» компоненті бойынша 5 шағын және орта бизнес субъектілері білімін жетілдірді.

Облыс бойынша тауарларды мемлекеттік сатып алудағы ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ үлесі 94%-ды құрады, оның ішінде «қарапайым заттар экономикасының» 6 саласы бойынша – 80%, құрылыс-монтаждау  жұмыстары  бойынша  –  96%,  жұмыспен қамту жол картасының жобалары бойынша – 93%.

«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында облыста 5 негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 68 бастама мен 10 жобадан тұратын портфель әзірленді.

Жобаларды іске асыру үшін 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен 1,9 млрд. теңге, жеке инвестициялар есебінен – 421,6 млн. теңге бөлінді.

Көлік және логистика саласын цифрландыру жобасы аясында Тараз қаласында «Tulparcard» қоғамдық көлікті электронды билеттеу жүйесі іске қосылды.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАНЫ дамыту мақсатында, бүгінгі күні облыс бойынша 42,9 мың кәсіпкерлік субъектісі онлайн кассалық аппараттарымен жабдықталды. Бұл тіркелген барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 50,4%-ы.

Сондай-ақ, әлемдік пандемияға байланысты шағын және орта бизнес өз қызметтерін онлайн режимінде ұсынуға көшті. 91 кафе (кофехана, Pab), 72 асхана (фаст-фуд, пиццерия және т.б.), 39 азық-түлік дүкендері, супермаркеттер, 93 азық-түлік емес дүкендер онлайн режимде тапсырыстар қабылдауда.

Облыс бюджетіне КІРІСТЕР БОЙЫНША жоспар 422,0 млрд. теңгеге немесе 101,6%-ға орындалды, алдыңғы жылмен салыстырғанда  15,2%-ға өсті.

Облыс бюджетінің шығыстары 100,0%-ға орындалды.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ кешенді жоспарына сәйкес 37 ұйым бәсекелестік ортаға берілді. Оның ішінде 11 ұйым 23,0 млрд. теңгеге сенімгерлік басқаруға беріліп, 16-сы  2,7 млрд. теңгеге сатылды.
9 ұйым таратылды.

2020 жылы ИНФЛЯЦИЯ деңгейі 7,3%-ды құрапорташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа төмен қалыптасты (ҚР – 7,5%).

Облыста тауарлар мен қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Тұрақтандыру қорымен 5046,2 тонна тауар сатып алынып, 7662,2 тонна тауар сатылды.

Тараз қаласында (қыркүйек-желтоқсан) 15 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Онда 382,1 млн. теңгенің өнімі сатылды.

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ бірыңғай ұйымдастырушысы жалпы сомасы 124,1 млрд. теңгеге 1338 лот бойынша сатып алуларды өткізді. Оның ішінде екінші жартыжылдықта 20,9 млрд. теңгеге 121 лот бойынша сатып алулар жүзеге асырылды.

Қорытындысы бойынша 269 мердігер жеңімпаз болып анықталды, облыста тіркелген мердігерлер саны – 237 (88%).

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» арнайы жобасы аясында облыстың 7 ауданының 29 елді мекенінде 7,3 млрд. теңгеге 110 жоба іске асырылды.

Жыл ішінде 531 мың тұрғынға 48,4 млрд. теңге сомасында ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмекпен 69489 адам қамтылып, оларға 4,6 млрд. теңге қаржы төленді.

«Birgemiz-Jambyl oblysy» қоғамдық қоры тарапынан, елімізде орын алған індетке байланысты 38,9 мың мұқтаж азаматтарға 1,9 млрд.теңге көлемінде көмек берілді.

4676 отбасы 100,5 млн. теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысын алды.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекпен, яғни, 706,1 млн. теңгемен 9190 азамат қамтылды. Үйде оқитын 1457 мүгедек балаға шығындарды өтеуге 56,4 млн. теңге жұмсалды.

«Бақытты отбасы» орталығы 17061 қызмет алушыға қызмет көрсетті. Оның ішінде қабылдауға 10514 адам, онлайн режимде 6547 адам келді.

«НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек мемлекеттік бағдарламасы» және Жұмыспен қамту жол картасы  аясында 2020 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 77424 адам тартылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша  «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 3641 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 3489 адам оқуын аяқтады. Барлығы 1340 адамға 5,4 млрд. теңгенің шағын несиесі беріліп, қаржы толық игерілді.

Осы бағытта 2020 жылы 7783 адам 4,3 млрд. теңгенің ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТЫН алды. Оның ішінде 1430-ы көпбалалы отбасы мүшелері, 2320-сы аз қамтылғандар, 1847-сі 29 жасқа дейінгі жастар, 149-ы еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 2037-і басқа санаттағы азаматтардан құралады.

Грант алғандардың 1050-і салық органында тіркелсе, 6733-і бір жолғы төлем (ЕСП) төледі. Грант алушылардың жалпы табысы
1,5 млрд. теңгені құрады. Олар 14,8 млн. теңге салық төледі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 1587 адам жолданып, олардың 1483-і немесе 93,4 пайызы тұрақты жұмыстармен қамтылды. Сондай-ақ, жастар практикасына барлығы 2572 түлек жолданды. Оның ішінде 2182-і немесе 84,8 пайызы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 13782 адам тартылып, олардың төлем ақысына 4,3 млрд. теңге қаржы жұмсалды.

«ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН АРТТЫРУ» бойынша есепті жылы жұмыс күші тапшы өңірлерге 174 отбасы,  524  адам қоныс аударды.

Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылды.

Есепті жылдың қорытындысымен  42872 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ құрылды (оның ішінде  тұрақты – 19132).  Жоспар
203,6%-ға  орындалып отыр.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру нәтижесінде 2020 жылдың 3 тоқсанында ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
4,9 пайызды құрады.

Бүгінгі күнге, облыс бойынша 45787 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ азаматтар бар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында есепті жылы республикалық және облыстық бюджеттен 805,8 млн. теңге қаржы бөлініп, есепті мерзімге әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 10367 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тиісті бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1,6 млрд. теңгеге 9915 азаматқа әлеуметтік қызметтер ұсынылды.

Жылдың қорытындысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 87,0%-ды құрап, республикада 3-ші деңгейге шықты.

Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар (әлеуметтік жоба) аясында ұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 281,2 млн. теңгеге 1396 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Қордай ауданында 15 төсек орындық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды.

Халықтың жан басына шаққандағы НОМИНАЛДЫ АҚШАЛАЙ ТАБЫСЫ 2020 жылдың 3 тоқсанында 81253 теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға өсті.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2020 жылдың 4 тоқсанына 168 838 теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 20,6%-ға артты.

Жылдың соңында ең төменгі күнкөріс деңгейі 30366 теңгені құрады және 2019 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,9%-ға өсті.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ есепті жылы 190,8 млрд. теңге бөлінді, 2019 жылмен салыстырғанда бөлінген қаржы 1,5 есеге артты.

Облыс бойынша 551 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 56616 бала тәрбиеленуде.

Мектепке дейінгі мекемелердің желісін арттыру мақсатында 8 балабақша ашылып, облыста оқу және тәрбиемен қамтылған  3-6 жас – 100 %, 1-6 жас аралығындағы балалар үлесі 86%-дан 91,4%-ға (2019ж респ. – 79,8)  өсті.

Пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу үрдісі 3 түрлі форматта ұйымдастырылып жүргізілуде.

Оқу жылының ІІІ тоқсанында 222 (49%) мектеп қашықтан, 234 (51%)  мектеп дәстүрлі түрде жұмыс істеді. Жалпы оқушылардың  51%-ы дәстүрлі түрде білім алуда.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛГЕН БАЙҚАУЛАРҒА, олимпиадаларға оқушылар белсенді қатысты. Нәтижесінде халықаралық олимпиадаларда 1004 оқушы, республикалық олимпиадаларда – 952 оқушы жеңімпаз атанды.

Облыстың 80 мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесі таратылуда. 362 мектеп серіктес мектеп ретінде жұмыс істейді. 2 мектепке «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы енгізілген.

Республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген байқауларда 3823  педагог жүлделі болды.

Республикалық байқаудан 4 педагог «Үздік педагог» атағын иеленіп, олардың әрқайсысына 2,7 млн. теңге көлемінде сыйақы берілді.

Мектептер толығымен 4 мегабит/сек-тен жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған.

442 мектеп оқу үдерісінде пайдаланатын 52965 дана компьютермен жабдықталған.

Қашықтықтан оқитын мектептердегі оқушылар компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.

Оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 20213 дана роутер алынды. Барлық мектептерде 6791 дана бейнекамералар бар. Оның ішінде 218 мектепке 2193 камера есепті жылы қойылды.

Жалпы білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 6,6 млрд. теңге бөлінді.

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 2020 жылы 10,1 млрд. теңге бөлініп, 22 білім нысанының (15 жаңа мектеп) құрылысы жүргізілді, 13 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 2-апатты, 2-үш ауысымды, 2-оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілді (2019 жылы – 1-апатты, 1-үш ауысымды, 3-оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесі шешілген).

Күрделі жөндеуден 53,  ағымдағы жөндеуден 64 білім нысаны өткізілді. Оған 10,2 млрд. теңге бөлінді.

285 мектептің САНИТАРЛЫҚ ТОРАПТАРЫН ғимарат ішіне орнату үшін 1,1 млрд. теңге қарастырылып, толық аяқталды.

Облыста 46 колледжде 23 700 студент 93 мамандық 138 біліктілік бойынша білім алуда.

«Жас маман» жобасын іске асыру мақсатында облыста металлургия, өнеркәсіп, IT-технологиялар, қызмет көрсету саласында кадрларды даярлаудың негізгі бағыттарымен 11 колледж анықталды.

5 колледжге жоба аясында 1,7 млрд. тенге бөлініп, құрал-жабдықтар алынды.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында барлығы 5,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржылар негізінен медицина қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігіне, медициналық ұйымдарды жарақтандыруға, медициналық қызметкерлердің жатын орны мен тамақтануын ұйымдастыруына және әлеуметтік төлемдеріне және т.б. жұмсалды.

Індеттің таралуының 2-ші толқынына дайындық ретінде облыс бойынша  2530  (о.і 253-реанимациялық)  төсек-қоры,  резерв ретінде 2000 төсек-қоры қосымша жасақталып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Жоспарланып отырған барлық 4530 төсек орындар жұмылдырылған жағдайда, 7065 медицина қызметкерлері (1413 дәрігер, 2826 мейірбике және 2826 кіші буын қызметкерлері) тартылады.

Індеттің алдын алу үшін 2 дана экстрокорпоралды мембранды оксигенация аппараты, 100 көп функционалды кереует, 71 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты, 5 КТ аппараты, 3 КЩС аппарат, 4 цифрлық рентген аппараты, 4 оттегі станциясы және т.б. медициналық құрал жабдықтар алынды. Одан басқа, шалғай жатқан елді мекендер үшін 8 жылжымалы медициналық кешен және 18 санитарлық автокөлік берілді.

2 – айлық дәрі-дәрмектің резерві дайындалды.

Ауырған науқастарды сауықтыру-қалпына келтіру мақсатында «Атлетик» спорт кешенінен 120 орынға арналған оңалту орталығы ашылып, өз жұмысын атқаруда. Бүгінгі күнге 585 тұлға емделіп шықты, оның ішінде медицина қызметкерлерінің саны – 83.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ 2020 жылғы бюджеті 91,4 млрд. теңгені (МӘМС – 77,8 млрд. теңге және басқарма арқылы -13,6  млрд. теңге) құрады.

Материалдық техникалық базасын нығайтуға 3,9 млрд.теңге қаржы бөлініп, 11 санитарлық автокөлік және 582 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды.

Қаржы лизингі шарттарымен 65 дана санитариялық автокөлік 176,4 млн. теңгеге облыстық жедел жәрдем стансасына сатып алынды.

Жалпы медициналық техникамен жарақтандыру – 85,9%-ды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға өсті.

Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 943,1 млн. теңгеге 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары, 45,4 млн. теңгеге
4 нысанның ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыста медицина саласындағы маман тапшылығын шешу мақсатында бүгінгі күні облысқа 196 (қалаға-76, аудандарға-120) жас маман келді (2019 жылы-133 (қалаға-40, аудандарға-93)).

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасынан С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің облыстық филиалы ашылды.

Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 94 маманға 800,0 мың теңгеден көтерме жәрдемақы берілді. 23 жас маман тұрғын-жаймен қамтамасыз етілді.

Облыста  халыққа қызмет көрсетіп отырған МӘДЕНИЕТ, АРХИВ мекемелерінің саны – 538. 2020 жылы мәдениет саласына бөлінген қаржы – 7,1 млрд. теңгені құрады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 6 нысанның құрылысы және 5 нысанның күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ саласына 7,1 млрд. теңге бөлінді (2019 жылы – 6,4 млрд. тг.).

2020 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 366,2 мың адамды немесе облыс тұрғындарының 32,2%-ын құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 21,3 мың адамға (344,9 мың адам) өсіп отыр. Индикатор бойынша спорт нысандарының жүктемелігі бүгінге 49,2% құрап отыр.

Сонымен қатар, Тараз қаласы мен аудандарда 92 алаңша қолданысқа берілді.

№ 2 облыстық мамандандырылған балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің дене шынықтыру – сауықтыру кешені

ТУРИЗМ САЛАСЫН дамыту үшін облыста келушілерді орналастырумен шұғылданатын нысандардың саны 180 бірлікке жетті. Олардағы орналастыру орындары 2259 бөлме. Бұл ретте біржолғы сыйымдылық 5874 төсек-орынды құрайды. 62080 адамға қызмет ұсынылып, қызмет көрсетілген келушілердің саны 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда есепті кезеңде 43,1%-ға азайды.

Бүгінгі таңда облыста 47 туристік ұйым, 1 киіз үй қалашығы, 11 балалар-сауықтыру лагерлері, 15 демалыс орындары, минералды сулар және бірегей шипалы балшықтармен емдейтін 7 санаторлық-курорттық шипажайлар халыққа қызмет көрсетуде.

Облыс халқының 21,1 пайызын ЖАСТАР құрайды. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жалпы көлемі 799,4 млн. теңге (2019 жылы – 597,9 млн.тг) жұмсалды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 19993 жас тартылды. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 2,9 пайызды құрады. Бұл республикалық деңгейде төмен көрсеткіш.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облысымызда «Жасыл Ел» және студенттік құрылыс жасақтары жүзеге асырылды.

Есепті кезеңде барлығы 1535 жас уақытша мерзімдік жұмыспен қамтылды, орташа айлық жалақысы 60,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 582 маманға 160,2 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы және 328 маманға тұрғын үй сатып алуға несиеге 1,3 млрд. теңге бөлінді.

«Бастау бизнес» жобасы аясында жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту бағытында 1694 жас оқытудан өтіп, 1155 жас грант иеленді.

Ал, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде 1862 жас 200 айлық есептік көрсеткіш шегінде гранттарға жеңімпаз болды.

2020 жылы «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасының аясында 15 қайырымдылық дүкендер желісі арқылы 12 мың отбасыға 41 мың тонна киім-кешек пен тұрмыстық заттар үлестірілді.

Волонтер жастардың бастамаларын қолдау және ынталандыру мақсатында 21 волонтер-жасқа облыстық бюджет есебінен 300 мың теңгеден грант берілді.

Сондай-ақ, «Қоғамдық сақшы», «Ерікті кеңес беру алаңы», «Кітап сыйла», «Зейін», «Таза жүрек», «Өмір сыйла», «Біздің аула», «Өзіңнен баста» сынды әлеуметтік жобалар тиімді жүргізілді.

Пандемия кезінде облыс жастарының бастамасымен «Әулиеата жастары» волонтерлық штабы құрылды. Штабта облыс бойынша 717 ерікті жас қызмет атқарды. Олардың көмегімен 9352 адамға азық-түлік себеттері, 2023 адамға дәрі-дәрмектер жеткізілді. Облыс тұрғындарына 100 мыңнан астам бетперде тегін таратылды.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту мақсатында алғаш рет 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы бекітілді.

Аталған стратегиялық бағдарламада NEET жастардың санын азайту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.с.с. нақты шаралар қарастырылған.

ТІЛ САЯСАТЫН іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстық деңгейдегі 3 нысаналы индикатор мен 5 нәтижелі көрсеткішке толық қол жеткізілді.

Тілдік ахуалға жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі – 91,9% (жоспар –90,5%), мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі – 76%-ды (жоспар – 70%) құрады.

Бүгінгі күні этностар көп шоғырланған Қордай ауданында дербес «Тілдерді оқыту орталығы» ашылды.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ сақтауды қамтамасыз ету мақсатында облыстық полиция департаментін қаржыландыруға 9,9 млрд. теңгеден астам қаржы, оның ішінде материалдық-техникалық жарақтандыруға – 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Полиция қызметкерлері үшін 422,2 млн. теңгеге 100 бірлік автокөлік сатып алынды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын адамдарды көтермелеу үшін жергілікті бюджеттен шамамен 1,2 млн.теңге көзделген. Оған 115 азаматқа көтермелеу жәрдемақылары берілді (2019 ж. – 1,2 млн. теңге).

2020 жылы жалпы қылмыс 29% – ға (8712-ден 6169-ға дейін) төмендеді.

Оның ішінде бөтен мүлікті ұрлау фактілері 47,3% – ға (4444-ден 2341-ға дейін) төмендеді.

«Электрондық қылмыстық іс» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге жұмсалды («ЭУД» жобасы бойынша 72 жұмыс орнын ұйымдастыру үшін тауарлар сатып алуға).

Қазір фото-бейнетіркеу және бейнебақылау жүйесі енгізілуде.

Камералардан алынған материалдарды мониторингілеу және талдау мақсатында жедел басқару орталығы (ЖБО) жұмыс істейді.

Орнатылған камералардың үлесі 70% құрайды (3500-ден 2488).

«ЭУД» жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалана отырып, өткізу қабілеті 10 Мбит/с дейінгі байланыс арнасы қосылды.

2019 жылы алынған 10 «Арқан» мобильдік кешені жолдардың апаттық-қауіпті учаскелерінде 2020 жылдың қаңтарынан бастап толық көлемде жұмыс істейді.

«Арқан» автоматтандырылған мобильді кешендерін пайдалану арқылы есепті жылы 26151 құқық бұзушылық тіркеліп, 336,6 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Есепті кезеңде тіркелген СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ санатындағы қылмыстар 12,7%-ға (2019 жылы – 126, 2020 жылы – 110) төмендеген.

Әкімдіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты 26 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді.

Өңірдегі ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ахуалға ай сайын әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

Жалпы, зерттеу нәтижелері облыс пен еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді.

Жамбылдықтардың орта есеппен 86,8%-ы (1-тоқсан – 91,54%, 2-тоқсан – 85,9%, 3-тоқсан – 86,2%, 4-тоқсан – 83,84%) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттады.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарымен өмірге қанағаттанудың жоғары деңгейі байқалды. Осылайша, өлшем нәтижелеріне сәйкес, қазіргі кезеңдегі өмірлеріне қанағаттанған респонденттердің үлесі – 92,7%-ті (1-тоқсан – 96,91%, 2-тоқсан – 93,25%, 3-тоқсан 92,91%, 4-тоқсан – 87,98%) құрады.

Алыс елді мекендердегі азаматтарды жұмыспен қамту, құқықтық кеңес беру, жеке құжаттарын толықтыру, әлеуметтік мәселелерін шешу жөнінде «КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ» жобасы іске асырылды. Жоба 2 рет 15-19 маусым, 3-7 қыркүйек аралығында іске асты. Көшпелі қабылдауда 2003 өтініш қаралды. 1385 өтініш – сол сәтте шешімін тапты, 618 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» жобасы бойынша этнос өкілдері тығыз шоғырланған (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас, Сарысу, Шу) аудандарда арнайы құрылған мобильдік топтар халықпен кездесіп, проблемалық мәселелерді анықтады. Жұмыс 5 бағыт бойынша  жүргізіліп, 30 мыңға жуық адамды қамтыған 1144-ке тарта іс-шара өткізілді.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында 5085 іс-шара өтті. Ұйымдастырылған іс-шараларға 1 млн. 592 мыңнан астам адам қамтылды (оның ішінде: оффлайн – 697 525, әлеуметтік желілерде қаралымдар саны – 539 675).

«ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасы аясында демеушілер мен меценаттар есебінен 5,3 млрд. теңгеге 246 жоба іске асты. Оның ішінде 136 тұрғын үй, 5 саябақ, 2 мектеп, 1 медициналық нысан,
3 мешіт, 7 спорттық нысан салынды. 75 отбасына әлеуметтік көмек берілді. 10 жоба инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды.

Халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру мақсатында «АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ»   жобасы   бастау   алды.   Есепті  жылы барлығы 100 үй пайдалануға берілді. Аталған жоба республика бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үздік жобалар қатарына енді.

Рухани құндылықтардың сақталуы мен инфрақұрылымның дамуы сарапқа салынған «Үлгілі ауыл» байқауына 13 ауыл сынға түсті. Комиссияның шешімімен 7 ауыл жеңімпаз деп танылып, Қордай ауданының Кенен ауылы бас жүлдеге ие болды.

Халықтың тұрмысын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту мақсатындағы «СӨЗДЕН-ІСКЕ» жобасымен 200-ге жуық жобалар іске асырылды.

Жергілікті жерлердегі ахуалдың жай-күйін, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы халықты хабардар ету, атқарылған істерді халыққа жеткізу мақсатында «ӘКІМ. УӘДЕ МЕН ҮДЕ», «ӘКІМДІК САҒАТЫ» жобалары іске асырылды.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының 1-қабатында «ашық әкімдік» құрылған. Мұнда халықпен «ашық диалог» форматында жұмыс істеу үшін  облыс әкімі, орынбасарлары, аппарат қызметкерлері азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

«Open space» және сервистік форматқа жұмыс істеуге көшу тәжірибесімен Жамбыл облысы әкімі аппараты, Тараз қаласы мен аудандарда «Open space» жобалық кеңселері құрылды.

2020 жылы облыс әкімінің аппаратына ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДАН барлығы 3963 (2019 ж. – 3930) өтініштер түсіп, жауаптары жолданды.

Облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер – халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде, пәтер және тұрғын  үй  алу  – 401 (2019 ж. – 364), әлеуметтік жәрдемақы және зейнатақы мәселелері – 324 (2019 ж.–282), ауылшаруашылық – 425 (2019 ж. – 367), коммуналдық қызмет көрсету – 401 (2019ж. – 313), білім саласы –  290 (2019ж. – 228), жол мәселесі 134 (2019 ж. – 114).

Есепті мерзімде облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 320 (2019ж.- 394) азамат қабылдауда болып, түсініктемелер берілді.

Сенім телефоны арқылы 716 (2019ж. – 427) хабар түссе, оның 502-нің шешімі табылып,  214-не түсініктемелер берілген.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бірыңғай диспетчерлік қызметі «JAMBYL 109» 2019 жылдың  қыркүйек  айында  жұмысын  бастаған.

2020 жылдың сәуір айынан бастап облыстық деңгейге берілді.

Қазіргі уақытта, «Jambyl 109» қызметіне 92 859 өтініш тіркелген. Оның ішінде 92 154 өтініш жабылса, 152 өтініш бойынша жұмыс жасалып жатыр.

«ЖАМБЫЛ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» жобалық офисі Жамбыл облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің қолдауымен жұмысын жүзеге асыруда. 2020 жылы Тараз қаласы мен 10 ауданда «Адалдық алаңы» жобалық офисінің филиалдары ашылды.

Жалпы есепті мерзімде Жамбыл адалдық алаңы жобалық офисіне 959 өтініштер түсіп, 716 өтініштердің шешімі табылды. Қалған 243 өтініштерге түсінік берілді.

Облыс әкімінің 2019 жылдың қорытындысы БОЙЫНША БЕРГЕН ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒЫНДАР тарапынан көтерілген өтініш – тілектердің 29-ы арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынды.

Іс-шарада көзделген міндеттердің 20-ы орындалып, 9-ы тұрақты бақылауға қойылды. Іс-шараның орындалу барысы тоқсан сайын облыс әкімінің сайтында жарияланып тұрды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.