Жамбылполитех түлектерінің тартуы

0 35

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында экологиялық және биологиялық әртүрлілікті қорғау жөнінде айтылып, экологиялық кодекс жобасы әзірленгені белгілі. Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион түп ағаш отырғызылатын болады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет», деген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмалары біздің Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жүзеге асырылып жатқанының бір айғағы – түлектер аллеясына биыл да тал-дарақтардың отырғызылғаны. Колледжді биыл тәмамдап жатқан «Мұнай мен газды сақтау және тасымалдау», «Дәнекерлеу ісі» студенттері артына із қалдырып, өздері білім һәм тәрбие алған оқу орнының жаңа ғимараты ауласына тал тігіп, колледж ұстаздары ұжымы мен жұртшылықтың ризашылығына бөленді.
Тұяқтың панасы – таға, кішінің панасы – аға, өзеннің панасы – жаға, баланың панасы – ана болса, адамзаттың панасы – табиғат. Міне, осы жай ескеріліп, бітіруші студенттер 5 дана арша, 7 павловния, 7 мальва, 10 шие, 5 акация, 10 алма және 6 алмұрт көшеті егілді. Осы игі істі ұйымдастырып, басы-қасында жүрген студенттер Жарылқасын Нұрасыл, Рахман Нұрхан, Намазбай Ағаділ, Серік Шыңғыс, Ахмет Нұрбол, Тоқтасын Бекзат, Елғонды Сәт екендерін айтып кеткен
жөн.

Нұрлан ҚАРЖАУБАЙ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 2-курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.