Жаңа маусымды жеңіспен бастады

0 1

«Тараз» футбол клубы жаңа маусымды жеңіспен бастады. Жерлестеріміз сырт алаңда қызылордалық «Қайсарды» 2:3 есебімен тізе бүктірді.

Негізі қызыл­ордалық клуб бірінші таймның 22-минутында есепті 2:0-ге жеткізіп, ойын тізгінін толықтай өз қолдарына алған болатын. Алайда футболшыларымыз жеңіске деген жігер танытып, қарсылас қақпасына шабуылдарын үсті-үстіне үдете түсті. Осындай ұрымтал сәттің бірінде Абзал Таубай жойқын соққысымен есепті бір доп айырмасына дейін қысқартты. Осы гол жігіттерге сенімділік сыйлап, бірінші таймның аяқталар тұсында Ненад Адомовичтен керемет пас алған жас ойыншы Абылайхан Жұмабеков есепті теңестіріп кетті. Ал бірінші таймға берілген қосымша минутта Бауыржан Байтана допты шиыра теуіп, тараздықтарды алға шығарды.
Ойынның екінші бөлігінде алаң қожайындары шабуылдарын ширатып, «Тараз» қақпасын қос қапталдан қыспаққа алды. Кездесу соңына дейін қызылордалықтарда есепті теңестіріп кететін тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда қақпашымыз бен тасқамал қорғанысымыз сыр бермей, «Таразға» үш ұпай әкелді.
Кездесуден кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» футбол клубының ойыншыларын құтттықтады.

Саян ТІЛЕУЖАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.