Жаңатастағы қайғылы оқиғаның себебі белгілі болды

0 22

Бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Жаңатас қаласында болған қайғылы жағдайға байланысты баспасөз конференцияс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары, арнайы құрылған комиссия төрағасы Ұлан Жазылбек, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ермек Момбаев қатысты.

Брифингте әуелі сөз алған Ұлан Еркінұлы бақилық болған нәрестелердің ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

– Оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, Жаңатас қаласына барып қайттық. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар жөніндегі департамент пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енген. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Психологтар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жерлеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары қолға алынды, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Келесі сөз кезегін алған Ермек Момбаев оқиғаның мән-жайына тоқталды.

– Өрт жайлы алғашқы хабар өрт сөндіру бөліміне 19 ақпан күнгі 15:15-те түскен. Оқиға орнынанда жүргзілген сараптама жұмыстары кезінде пәтерде электрмен жылыту құралдарыы болмағаны анықталды. Яғни, әлеуметтік желіде тарап жатқандай, өрттің қосымша жылу беру құралдарының салдарынан шыққаны жайы ақпарат шындыққа жанаспайды. Көпқабатты тұрғын үй орталық қазандықтың жылу жүйесіне қосылған, – деген жалпы ауданы 40 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтерде тұтанған тілсіз жау ТЖД бастығы өрт 16 шаршы метр аумақты шарпығанын айтты.

Өз кезегінде Бақыт Ратаев департамент басшысы Жанат Сүлейменовтің Жаңатас қаласында жұмыс топтарын бақылап, жағдайды өз бақылауына алғанын жеткзді.

– Өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын-ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған. Өрттің қорытынды себептері барлық қажетті сараптамалардың нәтижелері бойынша жарияланатын болады, – деді Б. Ратаев.

Жиын барысында аймақ тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

– Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Кеше комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына барып, жұмыс жүргізуде. Біздің тарапымыздан барлық қажетті көмек көрсетіледі, соның ішінде психологиялық көмекті және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қол ұшын береміз, – деп Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына көңіл айтты.

Оның айтуынша, отбасы толыққанды, отағасы мекемеде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім). Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде өрттен зардап шеккен 60 жастағы әйел туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқа зардап шеккендер жоқ, – деп атап өтті Ұ. Жазылбек.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар:

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.