Жаңатастық құтқарушылар 20 жасар жігітті аман алып қалды

0 2

Шомылу маусымы басталысымен түрлі су айдындарына асығатын азаматтар көбіне қауіпсіздік шараларын сақтауды назардан тыс қалдырып жатады. Өкінішке қарай мұның салдары қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады.

Тура осындай оқиға кеше Жаңатас қаласында орын алды. Қалалық жағажайда суға шомылып жүрген  2001 жылы туған жігіт өзінің күшін асыра бағалап, нәтижесінде суға бата бастаған. Оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген Жедел құтқару қызметінің құтарушылары жас жігітке дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді.

Суға батқан адамды ажалдан арашалап қалған құтқарушылар шұғыл түрде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, суға батқан адам медициналық қызметті қажет етпегендіктен үйіне қайтарылған.

Осыған орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департменті таныс емес және рұқсат етілмеген су көздеріне шомылуға болмайтындығын ескертеді. сондай-ақ қоқысты өртеу барысында өрт туындамас үшін міндетті түрде жиналған су оры бар ыдыс болуын қадағалап, үйден шығарда газ және электр құралдарын сөндіріп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады. Өз өміріңіз өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.