Жаңатастық полицей 60 жастағы ер адамды ажалдан аман алып қалды

0 6

Жаңатас қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлерге көршісін құтқарғаны үшін алғыстарын білдірді.

2021 жылдың 1 ақпанында Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Абзал Асаубайға Жаңатас қаласының тұрғындары көмек сұрап жүгінген. Олардың айтуынша, көршілері – 60 жастағы ер адам бірнеше күн бойы пәтерінен шықпаған және телефонына жауап бермеген. Мазасызданған көршілер учаскелік полиция инспекторын шақыруды дұрыс деп тапқан.

Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін есікті бұзуға шақырады. Олар пәтердің ішіне кіргенде еденде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Учаскелік инспектор жедел жәрдем бригадасының келуін күтпей, ер адамды көрпеге жатқызып, өз автокөлігімен ауруханаға жеткізген.

Бес минут ішінде ауруханаға жеткен полицей зардап шекккен азаматты дәрігерлердің қолына тапсырды. Қазір ер адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Алғыс білдірген тұрғындар бейнежазба жолдап, онда Сарысу ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамына, атап айтқанда, өздерінің учаскелік полиция инспекторына кәсіби атқарған мінсіз жұмысы мен зор адамгершілігі үшін алғыстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.