"Тылсым"

Жаратылысы жұмбақ жәндіктер

Written by Aray2005

Әлемдегі ең таңғажайып жәндіктің бірі қоңыз саналады. Ал энтомолог ғалымдардың ешқайсысы қоңыздардың қалай ұшатындығын әлі түсіндіріп бере алмауда. Өйткені қоңыздың ұшуы ешқандай физика немесе аэродинамика заңдарына сәйкес келмейді екен. Яғни, қоңыздар тік көтеріліп, қайта төмен түсіп, қажет болған жағдайда тұрған жерінде бір қырына, тіпті артқа қарай да ұша береді. Мұндай траекториялар физика заңдары бойынша әлі анықталмаған. Тағы бір таңғаларлығы, қоңыздардың қанаты денесінен әлдеқайда кішкентай. Ғалымдар бұның да шешімін таба алмай бас қатыруда. Себебі ұшу үшін де кез келген нәрсеге денеден үлкен қанат керек екендігі белгілі.
Мұндай жер бетіндегі таңғажайып жәндіктердің біріне өрмекшіні де жатқызуға болады. Өйткені бүгінгі күнге дейінгі өрмекшілермен жасалған торды жаятын болсаңыз, ол бүкіл жер бетінің жартысын шырмап тастауға жатетін көрінеді. Ал тропикалық ормандар мен аралдарда өмір сүретін кейбір өрмекшілер құрған тордың қалыңдығы соншалық, ол 80 келіге дейінгі заттарды көтере береді. Мұндай торды көп жағдайда маймылдар ары-бері секіру үшін пайдаланады. Тіпті, өрмекшінің осындай қалың торын аспанға құрған жағдайда «Боинг» ұшақтарын да тоқтатуға болады деген болжам бар.
Қарақұрт жәндігінің де өзіндік таңғажайып қасиеттері жетерлік. Ол кішкентай болса да піл секілді алып жануарды шағу арқылы өлтіріп, кейін оның үстіне жұмыртқалап, өлексені өмірінің соңына дейін азық етеді. Яғни, балапандары жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін, оларды да сол өлексенің етімен өскенше қоректендіріп, кейін өзі өледі. Қарақұрттың уы мен ұрпақ өсірудегі бұл тіршілігінің құпиясын ашу үшін француз ғалымы Фабр өмірін арнаған. Алайда бәрібір түйінін таба алмаған. Бүгінгі медицинаның өзі қарақұрт уын жәндіктің өзінен алмаса, оның баламасын жасау мүмкін еместігіне көз жеткізіп отыр. Бұл да Жаратушының тіршілік иелеріне дарытқан тылсым күші екені даусыз.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР