Sport

Жарайсың, Руслан!

Вьетнам мемлекетінің Хошимин қаласында таэквондодан жалауы желбіреген Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз, Рио Олимпиадасының қатысушысы Руслан Жапаров күміспен күптеліп, елге абыроймен оралды.
Сары құрлық бәсекесінде 87 келі салмақта бақ сынаған саңлағымыз алғашқы жекпе-жегінде Иордания спортшысы Хамза Каттанды тізе бүктірсе, келесі айналымда әлем және Азия чемпионатының жеңімпазы өзбекстандық Дмитрий Шокинді айқын басымдықпен ұтты. Финалда Оңтүстік Корея спортшысымен күш сынасқан жампозымыз негізгі уақытта қарсыласымен тең түскенімен, қосымша раундта сәттілік жолдас болмай, жол беріп қойды.
Десе де, бұл күміс біз үшін алтынға бергісіз. Жарайсың, Руслан!

ПІКІР