Sport

Жарайсың, Зульфия!

Германия мемлекетінің Берлин қаласында паралимпиалық спортшылар арасында жүзуден өткен Әлем Кубогы отандастарымыз үшін табысты аяқталды. Дуы басым бәсекеде ұлттық құрама спортшылары 37 медаль жеңіп алса, соның 5-ін жерлесіміз, Рио Паралимпиадасының чемпионы Зульфия Габидуллина өз еншісіне жазды.

Барлығы 47 мемлекеттің кіл мықты 517 спортшыларының арасында бақ сынаған Зульфия жекелей сында төрт бірдей медальді олжалады. Атап айтсақ, 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден алтыннан алқа тақса, 1-дәрежелі «Masters» айналымында да қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ, 2-дәрежелі «Masters» кезеңінде күміс жүлдемен қуантса, 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден қоланы қанағат тұтты. Ал командалық эстафетада 4х100 метр қашықтыққа еркін жүзуден күміспен күптеліп, мерейімізді үстем етті. Осылайша, жерлесіміз мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзу спортынан теңдессіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Саятхан САТЫЛҒАНОВ

ПІКІР