"Шамшырақ"

Жас ізденушілерге арналған экскурсия

Written by Aray2005

Кешегімізді танып, бүгінімізге бағыт алуға көмектесетін бірден бір орын архив екені даусыз. Елдің игілігіне еңбек еткен адамдар туралы деректі мәліметтер жиналатын архивті құнды қазына десек артық емес. Сол құнды мәліметтерді ізденуші жастарға таныстыру мақсатында Тараз қаласының мемлекеттік архиві «Архив – болашақ ұрпаққа мұра» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттеріне экскурсия ұйымдастырды. Архив қорына жаңадан енген құжаттармен танысуға 30 студент келіп, өздерін қызықтырған мәліметтер бойынша сұрақтарын қойып, мамандармен сұхбаттасты.
Көрмеге өңір тарихына қатысты құжаттар, мәдениет, білім, денсаулық, өнеркәсіп саласына үлес қосқан жеке қор құраушылардың жеке тектік құжаттары мен тарихи деректері қойылып, насихатталды. Сонымен қатар газетіміздің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың Тараз қаласына қатысты фото суреттері де қойылды. Сол арқылы жастарға көне шаһардың көрікті және тарихи жерлері таныстырылды.

«ARAI-ақпарат»

ПІКІР