Жас қызметкерлер өздерінің тәлімгерлерімен кездесті

0 6

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарайтын ЖД-158/1 мекемесінің жас қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерімен кездесті. Кездесу барысында олар жұмыс жағдайымен танысып, тәжірибелі офицерлердің тілектері мен кеңестерін тыңдады. Кездесудің мақсаты – жас мамандарды олардың келешектегі жұмыс орындарымен, ерекшеліктерімен таныстыру.

 

Айта кетейік, жуырда аталған мекемеге тәжірибеден өтуге 10 жас қызметкер келген болатын. Ұжымға тез сіңісіп кету үшін мекеме басшылығы жас мамандар мен тәлімгерлердің кездесуін ұйымдастырды. Бұдан бөлек, олар үшін дәрістер оқылып, тренингтер өткізіледі.

 

Жалпы, мекемеде қоғамдық құрылымдар қызметі үздіксіз жұмыс атқарады. Бұл туралы мекеме бастығының орынбасары полиция кеңесінің төрағасы әділет капитаны Нұржан Кутумбетов кеңінен айтып, ҚАЖ қызметкерлеріне зор сенім артылатынын және ерекше талаптар қойылатынын жеткізді.

 

Айгерім Ерубаева,

ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.