Жамбыл жаңалықтары

Жас мамандарды баспанамен қамту және әлеуметтік қолдау: Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері

Written by Aray2005

Таяуда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтында Жамбыл облысында жергілікті халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер жарық көрді. Онда индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, білім беру сияқты көптеген салалардағы оң өзгерістер қамтылған. Біз интернет-ресурста жарияланған маңызды ақпараттарды газет оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдік.

Өңір өнеркәсібі: 10 миллиард теңгеге 6 жоба іске асырылды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 396,2 миллиард теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,6 пайыз.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеуде 6,1 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде 3,2 пайыз өсім байқалып отыр.
Сонымен қатар өткен жылы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 миллиард теңге сомасына
6 инвестициялық жоба іске асырылды, бұл 481 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты аммофос өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыру;
«Ер Тай» ЖШС Ақсүйек кен байыту фабрикасында өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін өңдейтін флотациялық-гравитациялық кен байыту фабрикасын реконструкциялау және жаңғырту;
«ШақпакДорсервис» ЖШС битум зауытының реконструкциясы;
«Джанабекова С.С.» ЖК кондитер фабрикасының құрылысы;
«Әулие-Ата Феникс» ЖШС құс шаруашылығы қалдықтарын ет-сүйек ұнына өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу;
«Са-Ба ЛТД» ЖШС Меркі мұнай өңдеу шағын зауытының реконструкциясы мен жаңғырту сынды маңызды жобалардың аймақ үшін берері мол.

Ауыл шаруашылығы: егін егілетін жерлер аумағы 38,9 мың гектарға дейін ұлғайды

Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнім­дерінің көлемі 6,1 пайызға дейін артып, 264,8 миллиард теңгені құрады.
2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 2017 жылмен салыстырғанда 669,1 мың гектар немесе 38,9 мың гектарға артық егілді, оның ішінде қант қызылшасының аумағы 8,4 мың гектарға жетті.
Жалпы, астық түсімі 671,1 мың тоннаны құрады. Бұл ретте облыс бойынша орташа түсім гектарына 24,1 центнерді құрады.
128,2 мың тонна немесе 2017 жылғы деңгейге шаққанда 105,1 пайыз ет, сүт – 312,4 мың тонна (102,9 пайыз), жұмыртқа – 131,1 миллион дана (109,2 пайыз) өндірілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2018 жылы 14,5 миллиард теңге субсидия бағытталғанын айта кеткен жөн.

Өңірде инвестициялар көлемі 8,4 пайызға артты

2018 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 8,4 пайызға артып, 255 миллиард теңгені құрады.
Инвестициялар өсімі Жуалы ауданында «Burnoye Solar-2» күн электр стансасын жаңғыртуға салымдар және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл бөлімінің теміржол желілерін күрделі жөндеу есебінен қамтамасыз етілді.
ШОБ кәсіпорындарының саны 63,3 мыңды немесе 2017 жылмен салыстырғанда 107,8 пайызды құрады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға жергілікті және республикалық бюджет есебінен 2 миллиард 223,9 миллион теңге бөлінді.

Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 31 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

2018 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 12,4 миллиард теңге бөлінді. Өткен жылы бағдарламаға 39 386 адам қатысты.
31 220 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 68,9 пайызы (21 496 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 770 адам кәсіби дайындыққа, 4 212 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді, 3 829-ы оқуды аяқтады, олардың қатарынан 2 445 адам немесе 63,9 пайызы жұмысқа орналасты.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 1 904 адам оқытуға жіберілді, оның ішінде
1 745 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтады, 1 061 адам шағын несиелер алды, олардың 870-і жеке істерін ашты және қосымша 612 жұмыс орнын құрды.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына
1 459 адам жіберіліп, 2 686 түлек жастар практикасынан өтті. Төленетін қоғамдық жұмыстарға 5 579 адам тартылды.
2018 жылы Жамбыл облысынан солтүстік өңірлерге 739 адамнан құралған 198 отбасы қоныс аударған, олардың ішінде 77 отбасы– Солтүстік Қазақстан облысына, 48 отбасы– Павлодар облысына, 42 отбасы – Шығыс Қазақстан облысына, 31 отбасы – Қостанай облысына көшті.

Өңірдің білім беру жүйесі: мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі 98 пайызды құрайды

Облыста 446 жалпы білім беретін мектеп пен 48 колледж бар. Мектептердің жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталуы: химия пәні – 192, биология кабинеті – 206, физика кабинеті – 198, робототехника – 161.
Өңірде Байзақ ауданының Ақшолақ ауылында жобалық қуаты 80 орындық бір үшауысымды мектеп қалды. Сонымен бірге өткен жылы ескі мектептің орнына 120 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Облыста мектепке дейінгі білім беру бағытында 55 042 бала қамтылған 534 мекеме бар (384 балабақша – 47 872 бала және 150 шағын орталық – 7 170 бала). 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі – 84 пайыз,
3 жастан 6 жасқа дейін – 98 пайыз.

Денсаулық сақтауды дамыту: «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша облыста 122 жас маман жұмыс істейді

Облыста 397 денсаулық сақтау ұйымы бар, соның ішінде 30 аурухана, 357 амбулаторлық-емханалық мекеме, 4 шипажай, 1 оңалту орталығы, тағы да басқа 5 мекеме жұмыс істейді.
Денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) 14 167 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның
3 086-сы дәрігер, орта медициналық білімі бар медицина қызметкерінің саны – 11 241.
Облыс бойынша дәрігерлермен қамтылу 2018 жылы 10 000 адамға шаққанда 2017 жылмен салыстырғанда 0,4 пайызға артты. Ең жоғары өсім Жуалы және Мойынқұм аудандарында байқалды. Бұл аудандарда көрсеткіш тиісінше 2,1 пайыз және 3,4 пайыз деңгейінде.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 2018 жылы облысқа 122 жас маман келді, олардың 102-сі ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Барлық келген қызметкерлерге біржолғы ақшалай көмек және қызметтік тұрғын үй берілді.
Денсаулық сақтау саласында оң үрдіс байқалады. Нәрестелер өлімі 7,7 пайызға төмендеді. 2018 жылы ана өлімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға төмендеді. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі 10,2 пайызға төмендеді.
Сондай-ақ қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім мен аурулар азайды, туберкулез бойынша да осындай қарқын байқалады.
Цифрландыруды жүзеге асыру аясында Тараз қаласында және аудан орталықтарында 398 медициналық мекеменің 364-і интернет желісіне қосылған, бұл 92 пайызды құрайды. Облыстың медициналық ұйымдарында 856 911 электрондық денсаулық паспорты енгізілген, бұл тіркелген азаматтар санының 74,1 пайызын құрайды.

Құрылыс және ТКШ: 2 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

2018 жылы облыста қаржыландырудың барлық көздерінен 38 көпқабатты тұрғын үй салынды, оның ішінде 28 нысан немесе 2 073 пәтер (1 бөлмелі – 308,2 бөлмелі –
1 162,3 бөлмелі – 564,4 бөлмелі – 45) толығымен аяқталды және пайдалануға берілді.
– Жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 22 800 шаршы метр болатын, 400 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй;
– Жалпы ауданы 56 984 шаршы метр болатын, 953 пәтерден тұратын 13 жалға берілетін үй;
– Жалпы ауданы 53 423 шаршы метр болатын, 720 пәтерден тұратын 9 несиелік тұрғын үй ел игілігіне ұсынылды.
Жалпы, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 125,6 миллиард теңгені немесе 2017 жылға қарағанда 105 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысы, сумен және газбен жабдықтау жүйелерін, мектептерді салу және күрделі жөндеу, автомагистральдарды қайта жөндеу және тағы да басқа шағын кәсіпорындар орындайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі артты.

Дереккөз: primeminister.kz.

ПІКІР