Жасанды шаш киюге шариғат не дейді?

0 6

Жалпы адам баласын сырт көзге сұлу етіп көрсететін көріністердің бірі ол – шаш, сол себепті шаштың орны адам баласы үшін тым ерекше. Қазіргі таңда көпшілік қауым көбірек шаш үлгісіне  көңіл бөліп  кеткендігі сонша  әйелдер қауымының көпшілігі ұзын болған шаштарын қиып, ер адамның бейнесіне еніп кеткендігінде көріп жүрміз. Сол ұзын кесілген шаштарын жасанды шаш жасайтын орынға сатып жатқандығыда ақиқат.  Осы жасанды шаш киюге шариғатымыз не дейді?  Шариғатымызда жасанды шаш кию харам болып саналады, бұл сөзімізге дәлел келтіре кетсек.

Бірде бір әйел Пайғамбарымыз (с.а.у)  келіп :  «Уа, Алланың елшісі! Менің тұрмысқа шыққан қызым бар. Ол қызылша ауруына шалдықты. Содан шашы түсіп жатыр. Оған шашына шаш жалғатсам бола ма?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) оған:  «Шаш жалғаушыны да, жалғатқанды да Алла лағнеттеді», деп жауап береді.  (Имам Муслим).  Осы хадиске сүйенсек, жасанды шашты кию, оны сату және сатып алу дінімізде құпталмаған. Осы хадиске масхаб ғұламаларыда өздерінің түрлі көзқарастарын білдіріп кеткен.   Ханафи ғалымдарының көз-қарасына қарар болсақ, адамның шашынан өзге нәрседен жасалған шашты жалғауға болады. Мысалы, қойдың, ешкінің т.б. Себебі біріншіден, бұл адамның ағзасынан емес, екіншіден,  жасанды көзбояушылық жоқ. Ханафи мазхабы бойынша «парик» жасанды шаштан жасалған болса, онда рұқса, ал адамның шашынан жасалса, жасанды шашқа рұқасат етілмейді.   Өзге масхабтарда көзқарастар басқаша. Мысалы, Малики масхабы бойынша адамның шашынан жасалған парикті киюге болады, себебі парик шашқа жалғанбайды.  Демек, жалған шаш киюде ғалымдарымыздың көзқарастары әртүрлі екендігін байқаймыз.

 Ал біз ұстанып жүрген Ханафи мазхабында тек дарури жағдайда (химия қабылдап шаштың түсуі, өзгеде ауыруға тап болса) ғана рұқсат етілген.   Әйел баласы үшін құнды  болған шашты оңай қиясалу бұл әрине дұрыс емес, судыңда сұрауы бар дегендей, Алланың алдында жайғана сән үшін қиылған шаштыңда сұрауы болатыны ақиқат.

Рысбай ЕСПЕНБЕТОВ,

Мойынқұм ауданының бас имамы

Leave A Reply

Your email address will not be published.