«Жастар — донорлық үшін»

0 11

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» көпшілікті донорлыққа шақыру негізінде «Жастар — донорлық үшін» атты акция өткізді. Ондағы мақсат – ұжымдық белсенділікті арттыру және қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету.
Облыстық қан орталығына Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Абзал Есіркепов бастаған ұжым мен қала еріктілері қан тапсырды.
– Қаламызда ұйымдастырылған игі шара бүгінгідей күрделі кезеңде қан қорын көбейтуді мақсат тұтқан. Донор болуға ниеттілер толықтай медициналық тексеруден өтті. Барлығы 40 жас азаматтар акцияға қатысуға келген едік, сараптама нәтижесімен 18 жастан ғана қан алынды. Көпшіліктің игілігіне негізделген жыл сайын ұйымдастырылатын акция алдағы уақытта өз жалғасын таба береді, -дейді орталық директоры Абзал Есенұлы.
Түрлі жағдайда ауруханаға түсетіндердің өмірін сақтап қалуға септігі тиетін қанды тапсыру да сауапты іс. Жастардың ізгі ісі тұтас қоғамда жалғасса екен дейміз.

Қ.Рахметуллина

Leave A Reply

Your email address will not be published.