Жастар қамқорлығы

0 0

«Bizbіrgemiz» республикалық акциясына Байзақ ауданының жастары мен еріктілері белсене атсалысуда.

Аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті қарияларға көмектерін көрсетті. Жастардың ұйытқы болуымен екі қарияға дәрі-дәрмек, бес қарияға азық-түлік себеттері жеткізілді. Сондай-ақ жеті қарияның үйлеріне тазалау жұмыстарына көмек қолын созды.

Бұдан бөлек аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторлары төтенше жағдайға байланысты жұмысынан айырылған 980 адамға 42 мың 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті ресімдеуге жәрдемдесті. Мұндай игілікті шаралар жыл бойы жалғасын табатын болады.

Мұхтар ҚАЗБАЕВ,

Байзақ аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.