Жамбыл адалдық алаңы

Жастар облыстағы ең жас әкіммен кездесті

Written by Aray2005
Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы «Бродкастинг» залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Саят Тұрсынханұлы Төлепбергеновпен өңіріміздегі ең жас басшылардың бірі Меркі ауданы, Сұрат ауылдық округінің әкімі Ғазиз Доғдырбайұлы Байарыстан мемлекеттік қызметке өту мәселелері және жастардың осы салаға қызығушылығын арттыру мақсатында еркен форматта кездесу өткізді.
 Кездесуде алғашқы болып сөз алған Депаратамент қызметкері Саят Тұрсынханұлы қатысушыларға мемлекеттік қызметте енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы және конкурстың барлық кезеңдері бойынша түсіндіріп өтті.
Келесі сөз алған спикеріміз ауылдық округ әкімі Ғазиз Доғдырбайұлы өзінің қызметте сатылап өсуі, жұмыс тәжрибесі туралы жастармен кездесу барысында бөлісіп, барлық жастарды мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасауға шақырды
Кездесуге келгендер өз сұрақтарын қойып, спикерлерден тұжымды жауаптарын алып қайтты.
Еркін форматтағы кездесуге өңіріміздегі жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 60 жуық студенттері қатысты.

ПІКІР