Жастар өндіріске баруға құлықсыз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың
1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық пайдалану қажеттігі баса айтылған болатын. Өнеркәсіптің әлеуетін арттыруда Мемлекет басшысы біздің облысқа үлкен міндет жүктеп отырғаны белгілі. Дегенмен өңірдегі өндіріс орындары басшыларының бас ауыртар мәселесі де жоқ емес.
тиімдірек, – дейді А.Бектұрсынов.
Шынтуайтында, бүгінгі жастар – ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргісі келетіндей көрінеді. Себебі мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін маман иесі атанып алғанымен, өз саласы бойынша жұмыс істегісі келмейді. Салдарынан өңір экономикасын дамытып отырған кәсіпорындар кадр тапшылығын сезінуде. Бұдан бөлек мемлекет бөлген қыруар қаржы да құмға сіңген су секілді нәтижесіз қалуда. Сондықтан сала мамандары да, жастар да оқуға түсерде ойлануы қажет-ақ.
Шынболат Сейдуалиев