«Жасыл ел-Тараз» жұмысшысын көлік басып қалды

0 129

Бүгін сағат 11.08-де Тараз қалалық полиция басқармасының «102» бөліміне Әл-Фараби мен Ниетқалиев көшесінің қиылысында жол көлік апаты орын алғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнында   BMW-520 және  Volkswagen Passat маркалы екі көлік қақтығысып,  бірі жол жиегінде жұмыс жасап жүрген  «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерін басып қалған. Ауыр жарақаттан әйел бірден жантәсілім етіп отыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.