Жедел жәрдем көліктерінің қатары толықты

0 0

Осыдан бірнеше жеті бұрын облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің медициналық көмек сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Ұлпан Пыхыбаевамен сұхбат құрған болатынбыз. Сонда Ұлпан Қатіпханқызы жедел жәрдем көліктерінің тозығы жеткенін, қолданыстағы көліктердің қырық пайыздан астамы жаңартылуы керек екенін айтқан еді. Арада көп уақыт өтпей өзекті мәселе демеушілердің қолдауымен шешімін тапты.
Дүйсенбі күні облыстық медициналық жедел жәрдем стансасында «Kaspi bank» акционерлік қоғамы корнавирусқа қарсы күреске 10 жедел жәрдем көлігін тарту етті. Науқас адамдарды тасымалдауға қажетті барлық медициналық, санитарлық және бактерицидтік жабдықпен жабдықталған көлікті отандық өндіруші-«СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрастырған.
Шарада сөз алған облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов «Kaspi bank» АҚ мен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС басшылығына облыс тұрғындары атынан үлкен ризашылығын білдіріп, көлік кілттерін табыс етті.
–Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша 139 бригада жұмыс жасайды. Жедел жәрдем көліктері жеткілікті. Дегенмен елдегі жағдайға байланысты шақыртулар көп болып, түрлі қиындықтар туындап жатады. Көліктер үлгермей қалуы мүмкін. Ал бүгін демеушілер сыйға тартқан 10 көлік бірқатар олқылықтардың орнын толтыратыны анық. Сонымен қатар алдағы уақытта аталған демеушілердің қолдауымен тағы 18 жедел жәрдем көлігі қатарды толықтырады деп күтілуде,–деді М. Сейтбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.