Жексенбіде Қанат Ислам жекпе-жекке шығады

0 16

36 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі кездесуін 20 ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізбек. Бұл жөнінде кәсіпқой боксшының өзі Instagram парақшасында жария етті.

Мұхиттың арғы бетінде өткелі тұрған бокс кешін қазақстандықтар еліміздің уақыты бойынша 21 ақпан күні таңертең тамашалай алады. Қ.Ислам шамамен 9:00-де рингке шығады деп жоспарланып отыр. Ал оның қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.