Жеңілмегені үшін өлтірілді

0 76

Түркіменстанның 14 жасар Сүлеймен Тұрсынбаев есімді дзюдошы жасөспірімі жеңілмегені үшін өлтірілді. Жарыстан ішкі істер министрлігінің курсантынан әдейі жеңілуден бас тартқан оны белгісіз адамдар ұрлап кетіп, өлімші етіп сабап, ажал құштырған. Бұл туралы тәуелсіз Turkmen.news сайтына сілтеме жасаған Centralasian.org марқұмның ата-анасы ел президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке бейнеүндеу жасап, ұлының өліміне кінәлілерді жауапқа тартуды сұрағанын хабарлапты. Олимпиадалық резерв интернатында оқыған жас дзюдошы ақпан айының басында Ахал облысындағы жарысқа қатысып, финалға шығардың алдында оған қарсыласынан (ІІМ курсанты) жеңілу керектігі айтылғанымен ол мұндай бұйрықтан бас тартып, қарсыласын жеңіп, өзінің салмақ категориясында чемпион атанған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.