Қоғам

Жеңіс шеруі жадымызда

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық және қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков және «Жастар авиациялық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анатолий Кисильдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында спикерлер Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Қаһарман ұлт» шеруін өткізу барысы туралы кеңінен баяндап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
– Биыл еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын атап өткелі отыр. Отан үшін қан-қасап майданда от кешкен аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың жанқиярлық ерліктері мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты ұрпақтан-ұрпаққа жететін өшпес үлгі, өлмес өнеге. «Ерлік ешқашан ұмытылмайды». Сондықтан да 9 мамыр күні «Қаһарман ұлт» шеруін ұйымдастырып отырмыз. Облыстық және қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшелері шерудің басы-қасында болып, қала қонақтары мен тұрғындарына мерекенің маңызын барынша ашып беруге тырысады, – деді брифингте алғаш болып баяндама жасаған Дүкенбай Сайлаубекұлы.
Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Қазақстан тарихындағы бұл күннің маңыздылығын және біздің солдаттардың шайқастардағы баға жетпес ерлігін атап көрсетті.

Т.Берікбайұлы

ПІКІР