Жеңіс-75

Жеңісті жақындатқан жампоздарға айрықша құрмет

Written by Aray2005

Алдағы аптада Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз. Бұл адамзат тарихында сұрапыл соғыстың соңғы нүктесін қойып, бейбітшіліктің іргетасын ерлікпен қалаған ерекше күн.

Жеңіс күні – әр адамды толқытатын айрықша, аса қастерлі де айтулы мереке. Ұлы Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша өріліп, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болар ма еді?! Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал көзі тірі соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың ерліктеріне тағзым ететін күн.
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында» деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер– Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатты. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген батырларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, от кешіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен жеңісті жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Сол себепті, қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні қатары азайған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету бүгінгі мен келер ұрпақтың мәңгілік парызы.

Динара Жарылқапова,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы

ПІКІР