"Шамшырақ"

Жиреншедей жігерлі, Тазша баладай талапты

Written by Aray2005

Жуалы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №30 Көктөбе орта мектебінде Жастар жылын насихаттау мақсатында аудан әкімінің кубогы үшін «Жастар жылы –қоғамның жаңғыру жолы» атты оқушылар арасындағы облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Мырзалиев және пікірсайыстың жанашыры, аудандық пікір­сайыстың негізін қалаушы М.Бектұрғанов ашып, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
– Байқау жастарға қоғамда орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту және жастардың өз-ой пікірлерінің қалыптасуына жағдай жасай отырып, ел көшін алға сүйрейтін заманауи білімді, саналы, бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Шараға Тараз қаласынан және Меркі, Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандарынан барлығы 25 фракция қатысты. Сайысқа төрешілік ету мақсатында облыстық «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің пікірсайысшылары арнайы шақырылды, – дейді Жуалы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры Жәнібек Мырзалиев.
Іс-шара қорытындысы бойынша Жамбыл ауданынан келген «Сіз үшін» фракциясының сенімін арқалаған Алима Қалисаева мен Тоғжан Керімбек
І орынды иеленсе, аталған ауданның «Құлагер» фракциясының үкілеген үміттері Аружан Серікова мен Аида Жақсылық ІІ орыннан көрінді. Ал жүлделі ІІІ орынды Байзақ ауданынан келген «Н2SO4» фракциясының белсенділері Алдияр Қани мен Мариям Абдулхад өзара тең бөлісті. Және мұндағы жеңімпаздың бірі Тоғжан Керімбек «Үздік спикер» номинациясына, ал шараны өз деңгейінде жүргізген Жанар Күзембаева «Үздік төреші» аталымына ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге аудандық жастар ресурстық орталығының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Нұржан Қадірәлі,

Жуалы ауданы

ПІКІР