Жоғалған баласын тауып берген полицейлерге ана алғысын білдірді

0 8

Жамбыл облысы Полиция департаментінің  атына тек  Жамбыл тұрғындарынан ғана емес, көршілес  облыстардың  тұрғындарынан да алғыс  білдірген  хаттар легі  келіп түсуде.

Осындай бір хатты Алматы қаласының тұрғыны Гүлжан Нұрбосынова жолдаған. Ол жоғалған ұлының табылуына, үйіне аман-есен  қайтуына  көмек  көрсеткен  Тұрар  Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына алғысын  білдірді.

«Менің ұлым-екінші топтағы мүгедек.  Ол жоғалған кезде  жамандыққа ұшырай ма деп  қорықтым.   Полиция қызметкерлері ұлымды  тауып, жылы жерге орналастырып,  тамақтандырып, мен алып кеткенше қамқорлық көрсеткен.  Полиция департаментінің бастығы полиция  генерал-майоры Жанат Сүлейменов осындай  адами қасиеті мен жауапкершілігі жоғары  қызметкерлерді  мақтан етуіне болады», – деген хатында ана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.