"Шабыт"

Жолбарыстай ұрпаққа жол бастаған ұстазым

Written by Aray2005

(Аяулы ұстазым Айжан Сабырбекқызына)

Аппақ асыл ниетпен білім төккен баршаға,
Үлгі тұтқан сіздерді шәкірттер бар қаншама.
Сусын берген біліммен ұлағатты ұстазым,
Білім нәрін төгуден еш уақытта шаршама.

Әрбір сөзін жүректе қалдырар ел данасы,
Сол сөздермен түзелер шәкірттердің санасы.
Шәкірті бар біздердей менің асыл ұстазым,
Жолбарыстай ұрпаққа жол бастаған дарасы.

Бір өзіңіз тербеткен тобымыздың бесігін,
Жүзіңізден көрінген мейірім мен кешірім.
Көктегі бір Тәңірім сіздей асыл ұстазға,
Ашық етсін мәңгіге жаннаттың бар есігін.
Қамыққанда қаймықпай, ақыл қосқан ойыма,
Сіңіртетін оқумен бар асылды бойыңа.
Аяулы да ардақты абзал анам екінші,
Мына өмірдің оң жолын нұсқаудан еш мойыма.

Соғылғаннан қоңырау бізде сіздің көзіңіз,
Сақталады құлақта «Оқы» деген сөзіңіз.
Ұстаздардың мейрамы құтты болсын, ардақтым,
Болашақтың қашанда бағдаршамы өзіңіз.

Аида Оразақұл,
ТарМПУ-дың «Химия-биология» мамандығының 1-курс студенті

ПІКІР