Жұқпалы аурулар ауруханасында жылу қалыпты деңгейде берілуде

0 4

Кеше «Facebook» әлеуметтік желісінде Тараз қалалық мәслихатының депутаты, қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан Эльмира Мырза-Ғали аталған ғимараттың суықтығына және ыстық судың қалыпты деңгейде берілмеуіне шағымданған болатын. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Мәселенің мән-жайын зерделеу үшін құрамында қоғамдық бақылау және мониторинг тобының облыс бойынша үйлестірушісі мен БАҚ өкілдері бар комиссия мүшелері аталған нысанды аралап, жылу жүйесі мен қазандықтың жағдайымен танысты. Белгілі болғандай, бүгін таңғы сағат 6:30 бен 7:00 шамасында жылу беру қазандығынан ақау шығып, жылу температурасының төмендегені анықталды. Орын алған жағдай жауапты қызметкерлердің көмегімен 1,5 сағат ішінде қалпына келтірілді.
Арнайы қорғаныш костюмдерін киіп, палаталарды аралаған комиссия мүшелері емделушілермен әңгімелесті. Олардың сөзінше, палаталардағы жағдай тұрақты, температура қалыпты деңгейде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.