Жұмыста да, тұрмыста да жұптасқан

0 21

Отбасы дәстүрдің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор – отбасы. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», – деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланады. Мемлекеттің мықтылығы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүру дағдысы жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды.
Бұл ретте өзгелерге үлгі ретінде Қылмыстық атқару жүйесі саласының зейнеткері Дулат Мурсатов пен аталған саланың қызметкері Гүлжан Ибраимованың отбасы туралы айтуға болады. Қызметтің қызығы мен қиындығын бірге көрген ерлі-зайыптылар тұрмыста да темірдей тәртіпке үйренген.
– Біз жолдасым екеуміз 2005 жылы мен ЖД-158/7 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөліміне жаңадан психолог маманы болып жұмысқа орналасқанда таныстық. Жолдасым маған түзеу мекемесіне жаңадан келген күннен бастап қолдау көрсетіп, саланың өзіндік талаптарына сай қызмет етуім үшін бағыт- бағдар беріп, жол көрсетті, – дейді ЖД-158/2 мекемесі САТЖжӘП бөлімінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Г. Ибраимова.
Дулат Мурсатов 1979 жылы Жуалы ауданында дүниеге келген. 2003 жылдан бастап ЖД-158/7 мекемесінде жасақ бастығы болып қызмет атқарған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, әкери борышын өтеп, өзі талай жылдар бойы армандаған офицерлік қызметте жұмыс атқаруға бел буған. 2018 жылдан бастап Дулат Жақсылықұлы Қылмыстық атқару жүйесінің зейтеткері атанды. Азды көпті жылдарды ЖД-158/7, ЖД-158/2 мекемелерінде қызмет атқарып, қылмыстық атқару жүйесіне өз үлесін қосты.
Ал, Гүлжан Ибраимова 1982 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тамамдаған соң Тараз қалалық Б. Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназиясына психолог маманы болып қызмет атқарған. 2005-2015 жылдар аралығында ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 және ЖД-158/1 мекемелерінде ерікті жалдамалы психолог маманы болып қызмет атқарып, 2015 жылдан бастап ЖД-158/2 мекемесінде Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөліміне аттестатталған қызметке ауысып, қазіргі таңда САТЖжӘП бөлімінде аға инспектор-психологы, әділет капитаны қызметінде жұмыс атқаруда.
– Сотталғандармен осы уақытқа дейін қызмет атқаруыма жолдасымның ақыл кеңесі, қолдауы көмегін тигізіп, шаршамай қызмет атқарудамын.
Біз отбасымыз тату, ашық екенін мақтан тұтамыз. Біз барлығымыз шыншылдықпен, қағидаттылықпен және әділдікпен ерекшеленеміз. Қазіргі әлемде бұл өте маңызды! Қиын жұмыс біздің отбасымыздағы қарым-қатынасымызға теріс әсер етпейді. Керісінше, бұл сала бізді жақындастырады. Талқылау үшін ортақ тақырыптар әрқашан бар.
Екеуміздің ортақ 1 ұлымыз бар. Жасы 14-те. Мектеп оқушысы. Жұбайым екеумізді табыстырған ҚАЖ саласына алғысым шексіз, – дейді Г. Ибраимова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.