Жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

0 12
Бүгіннен бастап Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын облыста кеңінен атап өту мақсатында мәдени шаралар басталып кетті. Осыған орай, Тараздағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шараға облыс әкімі Бердікбек Сапарбаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары қатысты.
Халық поэзиясының алыбы атанған бабамыздың мерейтойына орай өңірімізде республикалық, облыстық деңгейде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – дәл қазір «Баласағұн» орталық концерт залында “Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым” атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.