Жыр алыбының мерейтойына орай «Жамбыл оқулары» өтуде

0 23

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Жыр алыбы – Жамбыл» Жамбыл оқуларын» жариялады.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орайластырылып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара  ақпан айының 1 мен 25 аралығында өтеді.

– Жамбыл оқулары оқырмандар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйретуді мақсат етеді.
Байқауға облыстың барлық сатыдағы тұрғындары қатыса алады. Қатысушылары өз жұмыстарын #Жамбылоблыстықарнайыкітапхана, #ЖамбылЖабаев175жыл хештегімен әлеуметтік желіге жариялауға тиіс, – дейді кітапхана директорының орынбасары Гүлнұр Алтынбекова.

Әділқазылар қатысушының шығарманы мәнерлеп оқуына, оқу уақыты бес минуттан аспауына, жатқа білуіне баса назар аударады. Қосымша музыкамен көркемдеуге болады.
Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар және дипломмен марапатталады.
Байқаудан кеш қалмай, Жамбыл өлеңдерін бірге оқып, ақын шығармашылығын насихаттауға шақырамыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.