«Жыр дүлдүлі»

0 37

Жуырда Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр дүлдүлі» атты салтанатты кеш өтті. Кештің жоғары деңгейде өтуіне тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, 2 дәрежелі капитан Ерхат Рафиков және қатардағы жауынгерлер Асылжанбек Бименов, Шалқар Нусежан, Арсен Хакимов, Нұржан Махмутов, Жанат Жанарысткен Азамат Жұмаш, Андрей Буценко атсалысты.

Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, әскери қызметкерлер, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету мақсатында өткен шараның мән-маңызы ерекше болды.
Жамбыл Жабаев 1846 жылдың ақпан айының соңғы жұлдыздарында дүние есігін ашқан. Туған топырағы – Қазіргі Жамбыл тауының етегінде. Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы!
Ақиық ақынның жыры да, сыры да мəңгілік тақырыпты қозғайды. Яғни, тіршілік жəне адамтану жөнінде! Жыр дүлділі Жамбыл Жабаев есімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі – жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ортасы. Оның өлеңдері Азия мен Еуропа жəне басқа да континенттер ұлттарының елу шақты тілдеріне аударылған.

Камила ӘБСЕМТОВА, кітапхана меңгерушісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.