Зілтемірші Абылай Әуелханов әлем чемпионы атанды

0 2

Өзбекстан астанасында ауыр атлетикадан юниорлар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Байрақты дода Токио олимпиадасының лицензиялық турнирі болып саналады. Жаһандық жарыста Қазақстан намысын 7 спортшы қорғайды. Толағайларымыз ел қоржынына алтын медальді де салып үлгерді. Жарыс жолына бірінші болып шыққан Абылай Әуелханов 55 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан оқ бойы оза шапты. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша отандасымыз 248 келі көрсеткішті тіркеді. Осылайша Абылай Әуелханов әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.