Зират басынан табылған қорқынышты сурет

0 52

     Әлеуметтік желіде зират басынан табылған қорқынышты сурет  жарияланып, жұрттың үрейін алып отыр. Алматы маңындағы молалардың бірінен суретті тапқан тұрғын бұл қарғыс деп отыр. Себебі екі жастың суретінің бірнеше жеріне ине қадалған.        

 «Демалыс күні әжеміздің зиратының маңын жинастыруға барғанда осы суретті тауып алдық. Суретті парақшаларыңызда жариялап, көрсетулеріңізді сұраймыз. Бәлкім бұл жастар ауырып жатқан шығар, мүмкін олардың өміріне қауіп төніп тұрған болар. Оларды жамандықтан қорғайық. Адамдар сондай қатыгез, жауыз болып кеткен, ештеңеден қорықпайды. Зират Әйгерім-1 шағын ауданында Боралдай тас жолының бойында орналасқан», – деп жазған автор.

Желіде тараған суреттегі екі жастың  кім екені әзірге белгісіз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.